Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

"Еуро-2016" турниріне іріктеу жарыстарын "Қазақстан" және "ҚазSport" арналарынан көруге болады

AstanaTV
04.09.2014ж. 20:00
1078
"Еуро-2016" турниріне іріктеу жарыстарын "Қазақстан" және "ҚазSport" арналарынан көруге болады

7 қыркүйекте футболдан "Еуро-2016" турниріне іріктеу жарыстары басталады. Францияда өтетін жарысқа іріктеу сынынан сүрінбей өткен 24 құрама қатысады. Қазақстанның ұлттық құрамасы "А" тобында өнер көрсетеді. Бұл сында Юрий Красножанның шәкірттері Латвия, Нидерланд, Чехия, Түркия және Исландия командаларымен өзара мықтыны анықтайды.

Тартысқа толы жекпе-жектерді толығымен "Қазақстан" және "ҚазSport" арналарынан көруге болады. Бұл ақпаратты бүгін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында арна басшылары растады. 

Нұржан Мұхамеджанова,  "Қазақстан" ҰТРК басқарма төрайымы:

Өте бір асыға күтетін доп додасы. Үлкен мереке. Сондықтан біздің Қазақстан телеарнасында үлкен еліміздің өміріндегі айшықты оқиғаға айналатын ойынның көрініс табуы - біз үшін де үлкен мәртебе, үлкен жауапкершілік.

Самат ҚАНАҒАТОВ 

Алдыңғы жаңалық