$513.74 €569.17 ₽6.33
×

АҚШ-та фаст-фуд желісінде қызмет көрсететін жұмысшылар ереуілге шықты

AstanaTV
05.09.2014ж. 10:00
1029
АҚШ-та фаст-фуд желісінде қызмет көрсететін жұмысшылар ереуілге шықты

Нью-Йоркте фаст-фуд желісінде қызмет көрсететін жұмысшылар ең төменгі айлықты сағатына 15 долларға көтеруді талап етіп екінші рет бас көтерді. Сондай-ақ олар кәсіподақ құруды қолға алмақ. Бұл талап McDonald`s, Венди, Burger King және «Пицца Домино» желілеріне қатысты.

Наразылық шеруі кезінде жол қиылысында тапжылмай отырып алған 15 жұмысшыны қоғамдық тәртіпті бұзған үшін полиция алып кетті. Манхэттендегі McDonald`s жұмысшылары тоғыз жылдан бері сағатына 8 доллар табыс тауып келген. Жуырда елдегі Экономикалық саясат институты мейрамхана индустриясы қызметшілерінің еңбегі сағатына 10 доллардан кем емес деп мәлімдеген. Ал, басқа салада еңбек ететіндерге сағатына кемінде 18 доллар төленеді.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА