$513.74 €569.17 ₽6.33
×

Қызылорда мемлекеттік университетінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы ашылды

AstanaTV
05.09.2014ж. 10:00
2001
Қызылорда мемлекеттік университетінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы ашылды

Жаңа оқу жылында - жаңа кафедра. Қызылорда мемлекеттік университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының кіші моделі жұмысын бастады.

Кафедра ашудағы басты мақсат - қазақ халқының тарихы мен мәдениеті, оның мемлекеттілігі, Еуразия тарихындағы орны мен рөлі туралы білім беру. Кафедра университеттегі барлық мамандықтар бойынша білім алушыларға «Әлеуметтану», «Қазақстандағы этносаралық қатынастар», «Қазақстандағы этностардың тарихы мен мәдениеті», «Әлеуметтік этнография және демография», «Этносаясат негіздері», «Конфликтология» пәндерінен дәрістер береді. Бүгінгі күні университетте 5 мыңға жуық студент, 11 ұлт өкілдері білім алуда.

Нұрлыбек Мыңжас, Қорқыт ата атындағы ҚМУ «Қазақстан Халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі:

Қазіргі таңда кафедрада оң жарым штаттық бірлік сақталды. Онда осы аймаққа белгілі қоғамтанушылар, ғалымдар, мынау қоғамдық мәдени-саяси іс-шараларға тікелей араласып, белсенділігімен көзге түскен оқытушы, профессорлар құрамы жинақталған. Кафедра жаңа оқу жылынан бастап өзінің ғылыми-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тағы қоғамдық-мәдени жоспарларына байланысты өз қызметін бастап кетті. Негізгі мақсатымыз - Елбасының ұлтаралық ынтымақ тұжырымдамасын насихаттау.

Шәрипа САҚТАПОВА