$513.74 €569.17 ₽6.33
×

НАТО Украинаға көмек ретінде 15 млн еуро аудармақ

AstanaTV
05.09.2014ж. 13:00
1345
НАТО Украинаға көмек ретінде 15 млн еуро аудармақ

Ресей тағы да санкцияның астында қалмақ. Бұл туралы The New York Times жазады.

АҚШ пен Еуропалық одақтың жаңа шектеулері ресейлік банктер мен компанияларға арналыпты. Ал Уэльстегі НАТО саммитінде, АҚШ президентінің көмекшісі Бенджамин Родс «Ресей өзінің Украинадағы әрекеттері үшін сазайын лайықты тартуы тиіс», деп мәлімдеді. Яғни, санкциялар әсерлі болуы үшін Вашингтон санкцияны еуропалықтармен бірге жарияламақ.

Еске салайық, жуырда Еуропалық комиссия экономикалық шектеулер қою мәселесін қарастырған еді. Ал НАТО Украинаға шамамен 15 млн еуро көлемінде көмек беруді көздеп отыр. Бұл туралы Уэльсте өтіп жатқан НАТО саммитінің қорытынды мәжілісінде альянстың бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен мәлімдеді. Бас хатшы бұл жәрдем Украинаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көрсетілетінін айтып отыр.

Еркін ҚАРИН