×

Иранның бұған дейін оқшауланған 3 млрд АҚШ доллары босатылды

AstanaTV
05.09.2014ж. 13:00
1080
Иранның бұған дейін оқшауланған 3 млрд АҚШ доллары босатылды

Иранның орталық банкі шет елдердегі бұғатталған шоттарға рұқсат алды. Әңгіме 2,8 миллиард доллар төңірегінде болып отыр. Бұл туралы «ИРНА» агенттігіне сілтеме жасай отырып, «Интерфакс» хабарлады.

Ирандық банктің Жапониядағы есепшотындағы қаржының жартысы Омандағы бөлімшеге аударылған. Қалған қаржы траншы бөлшектеліп Иранға әр 20 күн сайын жөнелтіліп отырмақ. Бұндай шешім 2013 жылдың қарашасында Тегеран мен Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Қытай және Германия арасында жасалған келісімнен кейін қабылданған. Келісім-шартта, Тегеран өзінің ядролық бағдарламасын қысқартқан жағдайда, Иранға қатысты шектеулер алынып тасталатындығы айтылған.

Айта кетейік, Иранның ядролық бағдарламасына қатысты қортынды шешім ағымдағы жылдың жиырмасыншы шілдесінде қабылдануы тиіс болатын. Алайда, шешім мерзімі тағы төрт айға шегерілді.

Жұрағат БАМАН