$513.74 €569.17 ₽6.33
×

АҚШ үкіметі Эбола вирусына қарсы күрес шараларына 75 млн доллар бөлмек

AstanaTV
05.09.2014ж. 13:00
1279
АҚШ үкіметі Эбола вирусына қарсы күрес шараларына 75 млн доллар бөлмек

АҚШ Эбола вирусына қарсы 75 миллион доллар бөлуді ұйғарды. Бұл қаражат Либерияның медициналық орталықтарының есепшоттарына түспек.

Алайда бөлінген ақша Эболаға қарсы вакциналар жасауға емес, жергілікті ауруханалардың қажеттілігіне жұмсалмақ. Оның ішінде науқастар қосымша жатын орындармен қамтылып, дәрігерлердің вирустан сақтайтын киімдері сатып алынбақ. «Бұл шара дәрігерлер арасында вирустың таралмауын қамтамасыз етпек», - дейді мамандар. Бүгінде АҚШ-қа Эбола вирусын жұқтырып алған үшінші адам арнайы рейспен жеткізілді. Ол Либериядағы християндық қайырымдылық ұйымында қызмет еткен 51 жастағы Рик Сэкру.

Айта кетейік, Эбола вирусын бүгінде үш жарым мыңға жуық адам жұқтырған.

Жұрағат БАМАН