$518.97 €607.3 ₽6.64
×

«Ауыл» партиясы үгіт-насихат науқанының бірінші кезеңін қорытындылады

AstanaTV
01.03.2016ж. 20:00
2024
«Ауыл» партиясы үгіт-насихат науқанының бірінші кезеңін қорытындылады

«Ауылдықтар» үгіт-насихат науқанының бірінші кезеңін қорытындылады. Саяси дода басталған 10 күн ішінде халықтық-демократиялық патриоттық партиясының орталық штабы мен аймақтық бөлімшелері 40-тан астам іс-шара өткізген. Алда тағы 70-ке тарта шараны өткізу жоспарда тұр. {КСМ} Партия сайлауалды бағдарламаны таныстыру сапарын ұлы ақын - Абайдың ауылы Семейден бастаған еді. Белсенділер барған аймақтарында сайлаушылармен ғана кездесіп қоймай, жалпы өңір тынысымен де етене жақын танысуда. Бұдан бөлек, партия мүшелері шетелдік байқаушылармен де жүздескен. Тағы Еуропалық одақ елшілерімен кездесу жоспарда тұр. Қазір партия тұғырнамасын таныстыру науқанына 100-ден астам қызметкер тартылған. 

Рүстем Жоламан, «АУЫЛ» ХДПП республикалық-қоғамдық штабының жетекшісі:

Жалпы үгіт-насихат кезінде 110-нан астам іс-шара жоспарланған. Бүгінгі таңда «Ауыл» партиясының Республикалық қоғамдық штабы барлық қажетті кадрлық, материалдық және қаржылық ресурстарға ие. Сайлауға лайықты деңгейде қатысуға дайын. Барлық аймақтардағы штабтар толықтай жабдықталған және жұмысқа қабілетті.


Құралай ПИОНЕР