Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

"Самұрық-Қазына" және "Назарбаев Университеті" өзара меморандумға қол қойды

AstanaTV
05.09.2014ж. 20:00
1202
"Самұрық-Қазына" және "Назарбаев Университеті" өзара меморандумға қол қойды

АСТАНА-МЕМОРАНДУМ Заголовок: "Самұрық-Қазына" және "НУ" өзара меморандумға қол қойды Тип: КТМ+СНХ+КТМ Вычисленная длительность: 00:01:21 Автор: Баман Ж.

Астанада "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қорының корпоративті ғылыми-зерттеу орталығы бой көтермек. Ұлттық  қор бұл жобаны "Назарбаев Университетімен" бірлесе іске асырмақ. Бүгін "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев пен "Назарбаев Университет" ректоры Шигео Катсу арнайы меморандумға қол қойды. "Бастама негізінен шетелдегі отандық ғалымдарды елге қайтаруға бағытталған. Сондай-ақ, бұл жоба еліміздің ғылыми-зерттеу, білім беру және инновациялық дамуына серпін бермек", - деді Өмірзақ Шөкеев. 

Өмірзақ Шөкеев, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы:

Бұл меморандум бойынша біздің нақты әріптестік бағыттар анықталған. Біріншіден, ғылыми-зерттеу саласындағы, екіншіден, білім беру, үшіншіден, ақпараттық технологиялар саласындағы әріптестік жөніндегі меморандум құжат.

Сонымен қоса, бұл орталық қор қызметкерлері үшін білім жетілдіру бойынша корпоративтік бағдарламалар ұсынады. Ал "Назарбаев университетінің" түлектері "Самұрық-Қазына" қоры құрамындағы компанияларда тәжірибеден өтіп, жұмысқа тұруға мүмкіндік алады. 

Жұрағат БАМАН