$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Shape Eurasia форумына шетелден келген қонақтар Астанадағы мәдени, тарихи орындармен танысты

AstanaTV
05.09.2014ж. 20:00
1347
Shape Eurasia форумына шетелден келген қонақтар Астанадағы мәдени, тарихи орындармен танысты

Shape Eurasia форумына шетелден келген қонақтар бүгін Астанадағы мәдени, тарихи орындармен танысты. Әлемнің 45 елінен жиналған 100-ге жуық жас лидер алдымен Қазақстанның ұлттық мұражайына барып, қазақ мәдениеті мен тарихына қанықты. Одан соң Бейбітшілік және Келісім сарайын аралады.

Алғаш рет «Нұр Отан» партиясының қолдауымен ұйымдастырылған форум ертең өз жұмысын бастайды. Жас лидерлер екі күн бойы тұрақтылықты қамтамасыз ету, жастар үшін тиімді әлеуметтік лифт қалыптастыру сынды бірнеше ғаламдық мәселелерді талқылайды. 

Антон Вечерадзе, Тбилиси жас лидерлер қауымдастығының мүшесі: 

Мен бұл форумға Тбилисиден келдім. Қазақстандағы адамдардың қонақжайлылығы таңқалдырды. Ұлттық  мұражай өте әдемі екен. Мұндағы қызықты картиналар мен тарихтан сыр шертетін бұйымдар ерекше. Ертеңгі форумға жақсы көңіл-күймен баратын болдық. Біз әлемдегі тұрақтылық, даму мәселелерін талқылаймыз. Жиынның нәтижелі болатынына сенімдімін.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ