Ресми Лондон Шотландияны
Ұлыбританияның құрамында қалдыруға барын сала бастады, тіпті алдағы дүйсенбіге
жоспарланып отырған референдум кезінде патшалық құрамынан шығу жөніндегі
райынан қайтқан жағдайда Шотландияға басқа да мүмкіндіктер бермек. Бұл
жолы тәуелсіздіктің балама түрі ұсынылуда, яғни
Шотландияға экономика жағынан дербестік беріледі деп уәде етілуде. Егер
тәуелсіздікті жақтаушылар басым түссе, алдағы жылдан бастап Шотландия патшалық құрамынан еншісін алып шығып кете барады.
Ал Ұлыбритания билігі болса, бұған
қатты алаңдаулы. Өйткені бұл шешім екі тарапқа да пайда әкелмейді деген ойда. Алдын ала жүргізілген сауалнама бойынша тәуелсіздікті қолдайтындар саны 51 пайызды құраған.
Никола Стерджен, Шотландия ұлттық партиясы лидерінің орынбасары:
Шотландияның тағдыры тек шотландиялықтардың қолында болуы тиіс. Бұны халық өзі де түсініп отыр деген ойдамын. Жұртшылық елде өзгеріс болып, шотландиялық парламенттің өкілеттілігі артсын десе, тәуелсіз боламын десе сайлауда «Иә» деген пунктті таңдау қажет.
Илхам ИБРАГИМ