$532.74 €617.23 ₽6.77
×

Араб елдері лигасы «Ислам мемлекетіне» қарсы күреспек

AstanaTV
08.09.2014ж. 10:00
2674
Араб елдері лигасы «Ислам мемлекетіне» қарсы күреспек

АҚШ «Ислам мемлекеті» террористік ұйымына әуеден соққы берді. Құрама штаттардың әуе күштері аталған ұйымды талқандау мақсатында әуе шабуылын бастады. «РИА Новости» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл жағдайдың соңы Иракта орны толмас апатқа айналуы мүмкін. Өйткені Америка күштері Хадит қаласындағы су тоғаны маңын шабуылдап жатыр. Егер дамба жарылса, үлкен аймақты су алуы мүмкін.

Ал күні кеше «Ислам мемлекетімен» бірігіп күресу туралы Араб елдері ортақ мәміліге келді. Араб Лигасына қатысушы мемлекеттер радикалды топқа қарсы барлық жергілікті және халықаралық күштерді біріктіреміз, дейді.

Айта өтейік, террористік «Ислам мемлекетінің» «Аль-Каидамен» байланысы бар. Бұл ұйым Сириядағы қарулы қақтығыстардың басты ұйымдастырушысы болып саналады.

Илхам ИБРАГИМ