Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Ақтауда Қазақстанның ең мықты күш иесі анықталды

AstanaTV
08.09.2014ж. 10:00
1412
Ақтауда Қазақстанның ең мықты күш иесі анықталды

Ақтау қаласында Қазақстанның ең мықты күш иесі анықталды. «Строң номад» деп аталған ашық чемпионатқа Ақтау, Жаңаөзен, Астана, Алматы, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе және ресейлік Астрахань мен Самара қалаларының спортшылары қатысты. Қара күш иелері бөрене көтеру, 360 килограмдық дөңгелекті итеру секілді жарыстарда бақ сынасты. Әсіресе, жұртшылыққа батырлардың 4 тонналық жүк көлігін тарту сайысы ұнады. Қатысушылардың аса зор әзірлікпен келгендіктері байқалып тұрды.

Кезең-кезеңмен өткен додада сүрінгендер де болды әрине. Алайда батырлардың барлығы дерлік өздерінің күштілігін дәлелдеп шықты. Мықтылар фестивалінің қорытындысы бойынша алтын медальді астаналық Роман Кушьялов қанжығасына байлады, күмістің иегері - ақтаулық Дмитрий Наранов атанды.

Дмитрий Наранов, спортшы:

Биылғы жылғы сайыстың жаттығулары өзгеше. Көлікті тарту, бөренені көтеру секілді тартыстар болды. Кейбір жерлерде осалдығым болды әрине, бірақ жақсы нәтижеге қол жеткіздім деп ойлаймын.

Жұрағат БАМАН