Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Цезий тасымалдаған «КазПромГеофизика» компаниясына қатысты қатаң шара қолданылады

AstanaTV
08.09.2014ж. 13:00
1490
Цезий тасымалдаған «КазПромГеофизика» компаниясына қатысты қатаң шара қолданылады

Цезий-137 радиоактивті қауіпті заты тиелген контейнерді жоғалтқандар 8 жыл арқалауы мүмкін. Қазір арнайы қызмет іске қатысы бар тұлғаларды анықтап жатыр. Сондай-ақ, контейнерді тасымалдаған «Казпромгеофизика» компаниясына қатысты лицензиядан айыруға дейінгі қатаң шара қолданылмақ. Бұл жөнінде Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Әнуар Шөжеғұлов мәлімдеді. Арнайы брифинг барысында «Казпромгеофизика» компаниясының Маңғыстау облысындағы филиалы тасымалдауды мемлекеттік тапсырыспен емес, жеке мүддемен іске асырғаны белгілі болды.

Әнуар Шөжеғұлов, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары:

Жедел-іздестіру шаралары жалғасып жатыр. Нәтижесі белгілі болған соң іске қатысты адамдарға қатаң шара қолданылады. Контейнердің жол жиегінде түсіп қалғандығы қаншалықты шындыққа жанасатыны да тексерілуде. Шындықты жасырып қалуға мүдделілер бар. Тағайындалған сыйақы оларды жолдан тайдырған көрінеді.

Еске салсақ, бірнеше күнге созылған іздеу шаралары нәтиже бермеген-ді. Алайда радиоактивті қауіпті зат тиелген контейнерді тапқандарға сыйақы тағайындалған соң Қызылорда облыстық полиция бөлімшесіне қоңырау келіп түсті. Белгісіз біреу облыс аумағында жүк тиелген КамАЗ барын хабарлады. Полиция қызметкерлері қауіпті радиоактивті затты тапқан КамАЗ жүргізушісін де тексеріп жатыр.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА