$525.87 €614.37 ₽6.72
×

Бельгия НАТО күштеріне қосымша 1300 сарбаз аттандырады

AstanaTV
08.09.2014ж. 20:00
1089
Бельгия НАТО күштеріне қосымша 1300 сарбаз аттандырады

НАТО саммитінің қорытындысы бойынша Бельгия 2016 жылдан бастап альянсқа 1300 сарбаз жіберетін болды. Олар шұғыл әрекет ету жасағының құрамына кіреді. Бұл туралы әскери дереккөздерге сүйеніп, батыс БАҚ-дары хабарлайды.

Осылайша Бельгия НАТО-ның жаңа күшін жасақтауға әскер жіберген алғашқы мемлекет болды. Бұдан былай альянсқа мүше барлық елдер жыл сайын сарбаздарын беріп отырады. Әскерилердің жалпы саны бес мыңға жетіп, тиісті дайындықтан өткенде, олар әлемнің кез келген түкпіріне 2-3 күнде жетіп, шұғыл әрекет етуге дайын болмақ. Кейбір сарапшылар НАТО-ның мұндай шұғыл әрекет ететін жаңа жасақ құруын Украинадағы жағдаймен байланыстырады.

Айта кетерлігі, НАТО саммиті алғаш рет Ресейдің қатысуынсыз өтті.

Айгүл ӘДЕПБАЙ