Пәкістан
мен Үндістанда алапат су тасқыны 300-ге жуық адамның өмірін жалмады. Бес күн
ішінде Үнді түбегіндегі Кашмир штатында 120 адам марқұм болса, Пәкістанда
160-тан астам адам бақиға аттанды. Үндістанда 500-дей елді мекен су астында
қалып, тағы екі мыңға тарта ауылдық жерлер тасқынның зардабын тартты. Ал
Пәкістанда төрт мыңнан астам үйді су шайып, мыңдаған адам баспанасыз қалған.
Су
астында қалып шарасыз халге түскен мыңдаған адамға құтқарушылар жете алмай
жатыр. Сондықтан қаза тапқандар туралы мәлімет нақты емес. Су тасқыны аталмыш аймақтарда
жылда қайталанатын құбылыс.
Жауын-шашын маусым айынан
басталып, қыркүйекке дейін жалғасады. Алайда биылғы тасқын соңғы төрт жыл
ішіндегі табиғи апаттардың барлығын басып озатын түрі бар.
Айгүл ӘДЕПБАЙ