Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Өскеменде энергетиктер сайысы өтуде

AstanaTV
08.09.2014ж. 20:00
993
Өскеменде энергетиктер сайысы өтуде

Еліміздің үздік энергетиктері Шығыс қазақстанда бас қосты. Бүгін олардың кәсіби шеберлігін  шыңдайтын республикалық жарыс басталды. Төрт күнге созылатын дода арнайы оқу-жаттығу полигонында жүріп жатыр. Жеңімпаздар қазан айында Санкт-Петербург қаласында өтетін халықаралық жарысқа жолдама алады.

Жарысқа  қатысқан 8 команданың әрбірінде 5 адамнан. Алғашқы кезеңде энергетиктер техникалық қауіпсіздік бойынша білімдерін көрсетіп бақты. Электронды билеттегі 40 сұрақтың біріне жауап беру үшін небары 90 секунд берілген. Екінші кезең бұдан да күрделірек. Мұнда олар тоққа түскен адамды құтқарулары керек.

Мына манекен компьютерге қосылған. Оны арашалап алу үшін небары 4 минут беріліп отыр. Энергетиктер тапсырманы дұрыс орындаса ғана, зардап шегушінің тамыр соғысы естіледі. Бұл кезеңде Павлодар құрамасы алдына жан салмады.

Жомарт Көшербаев, Қазақстан электроэнергетика  ассоциациясы директорлар кеңесінің төрағасы:

Жарыстың негізгі мақсаты - әр энергокомпания мамандарының  қысқа дайындығын зерттеп білу үшін жасалған.

Жарыстың бірінші күнінде қатысушылар екі тапсырманы орындап шықты. Алда тағы 4 кезең бар. Әрбіреуінде энергетиктер шымырлығы мен кәсіби біліктілігін көрсетулері керек. Оларға баға берушілердің қатарында осы саланың білгірлері мен Энергетиктер ассоциациясының мүшелері бар. Кіл үздіктер жеңімпаз атанып қана қоймай, Қазақстанның намысын халықаралық жарыста қорғайтын болады.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА