Батыс Қазақстан облысының Федоровка ауылында АИ-93 маркалы жанармай
құны 145 теңге. Бұл туралы uralskweek.kz хабарлайды. Мына сурет 5 қыркүйекте
түсірілген, бірақ сатушылар неліктен бензин бағасының бұлайша шарықтап
кеткеннін түсіндірмеген.
Айта өтейік, кей сарапшылар
Қазақстандағы жанар-жағармай нарығындағы ахуал алдағы қарашаға дейін оңалмайды
деген пікірде. Өйткені жиын терім науқаны қыза түседі, оның үстіне қазан айының
басында Шымкент мұнай өңдеу зауыты жөндеу жұмыстары үшін уақытша жұмысын
тоқтатады.
Еске саламыз, бұған дейін Энергетика
министрі Владимир Школьник жанармайды тиімді пайдалануға шақырған еді. Тіпті, ол
жанармай бағасы бүкіл әлемде қымбаттап жатқанын айта келе, бір үйде тұратын
адамдар шамасы келгенше бір көлікке отырып, жұмысқа бару үрдісін енгізу
керектігін айтқан.
Илхам ИБРАГИМ