Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қазақстанда күн суытады

AstanaTV
09.09.2014ж. 10:00
1129
Қазақстанда күн суытады

Қазақстанда алдағы күндері күн суытады. Бұл туралы синоптиктер хабарлады.

Суық атмосфералық фронттар Қазақстанның шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарының ауа райын құбылтады. Кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады, жел күшейеді.

Атап айтқанда, солтүстікте, солтүстік-батыста және орталықта түнде және таңертең тұман түседі. Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында жел күшейеді. Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қалың тұман болады деп күтілуде. Солтүстікте, солтүстік-батыста кей жерлерде қатқақ түсіп, ауаның температурасы -5 градусқа дейін суытады. Бүгін Астанада да термометр көрсеткішінің төмендегені байқалды. Дәл қазір Астанада +3 градус шамасында.

Илхам ИБРАГИМ