×

Украина бюджеті 5 млрд гривен салық түсімін жоғалтты

AstanaTV
09.09.2014ж. 13:00
952
Украина бюджеті 5 млрд гривен салық түсімін жоғалтты

Украина қазынасы 5 миллиард гривенге жуық қаржыдан қағылды. Мұндай қомақты ақшаны ел бюджетіне кәсіпорындар төлемей қойған. Бұған Украинаның шығысындағы әскери қақтығыстар себеп болып отыр.

Мемлекеттік фискалды қызмет басшысы - Игорь Билоус осындай ақпарды жайып салды. Оның сөзіне сай, айтарлықтай қиындықтар ұлттық компаниялармен қатар жекеменшік иелерін де айналып өтпеді.

Рейтингтік агенттіктердің болжамы да көңіл көншітпейді. Шахталар мен зауыттар да тоқтап қалған. Мұнан бөлек украина салықшылары кәсіпорындардың көлеңкелі бизнестен шығуға талпынып жатқанын жасырмайды. Осы жолды таңдаған кәсіп иелерінің қатары соңғы уақытта едәуір артқан.

Базаркүл ОТЫНШИЕВА