$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Екі қазақстандық Минскіде адам өлтірді деп айыпталып отыр

AstanaTV
09.09.2014ж. 13:00
981
Екі қазақстандық Минскіде адам өлтірді деп айыпталып отыр

Екі жыл бұрын Минскіде екі адамды айуандықпен өлтіргендер қазақстаннан табылды. Астана қаласы ішкі істер департаментінің жедел-тергеу жұмыстары барысында күдіктілер қолға түсті. Олар дереу Минск қаласына жөнелтілген.

Жан түршігерлік қылмыс 2012 жылдың желтоқсанында орын алды. Жалға алынған пәтерлердің бірінде бірнеше жерден пышақталған ресей және қазақстан азаматтарының мәйіті табылған. Олардың бірі 27, екіншісі 30 жаста болған. Қаскөйлер жәбірленушілерді аса қатыгездікпен өлтіріп, оларға тиесілі ірі сомадағы қаражатты иеленіп, оқиға орнынан бой тасалаған.

Аталмыш факті бойынша Беларусь Тергеу комитеті қылмыстық іс қозғады. Жауап алу барысында ұсталғандар айыбын мойындады. Беларусь полициясы қылмыстық іс қозғап одан әрі тергеу үшін Астана қалалық ішкі істер департаментіне жіберді.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА