$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астанаға көшеді

AstanaTV
09.09.2014ж. 13:00
2194
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астанаға көшеді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астанаға көшеді. Бұл туралы Діни басқарманың баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады «ҚазАқпарат».

«Бұл - Діни басқарма үшін маңызды қадам. Астанада жұмыс қарқынын күшейтеміз. Мұндай тарихи шешім үлкен жауапкершілік жүктейді». Басқарманың арнайы отырысында Бас мүфтий Ержан қажы Малғажыұлы осылай деді.

Сондай-ақ, ол Алматыдағы ғимаратта жұмыс жүйелі жүргізіле беретінін баяндады. «Мәдени, әдеби, діни ошағымыз - Алматы әрқашан мүфтият үшін маңызды. Осындағы ғимаратта да жұмыс істейтін боламыз», - деді Бас мүфти.

Базаркүл ОТЫНШИЕВА