$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қазақстан мен Иран құны 500 миллион доллар болатын келісімге қол қойды

AstanaTV
09.09.2014ж. 20:00
1185
Қазақстан мен Иран құны 500 миллион доллар болатын келісімге қол қойды

Қазақстан мен Иран құны 500 миллион доллар болатын келісімге қол қойды. Тараптар  бизнес-форум аясында алдағы уақытта іске асатын он екі  жобаны құжатпен рәсімдеді. Астанаға  Ираннан арнайы 100-ге тарта бизнес өкілдері келген.

Келісім аясында Иранның Гулистан провинциясында астық терминалын салу туралы жоба қолға алынса, бізде Қызылорда облысында шыны шығаратын зауыт салынбақ. Бүгінде Қытай, Түркия және ирандық шыны өнімдеріне тәуелді құрылыс саласы 2019 жылы отандық өнімді тұтына алады. Ол ішкі нарықтың 60 пайызын қамтиды деп жоспарланып отыр.

Ұлы жібек жолы тарихынан бері рухани, мәдени және сауда-саттық байланысы үзілмеген қос ел экономикалық қарым-қатынасты жаңа белеске көтеруді көздейді. Оған Парсы шығанағына тікелей шығатын теміржол желісі сеп болады деген сенім бар. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Биыл Қазақстаннан Парсы шығанағына дейінгі темір жол құрылысы аяқталуға жақындағанына тоқталған Осыған байланысты алдағы жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 2 млрд долларға дейін жетуі мүмкін.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ