Алматыдағы
мәдениет және демалыс саябағы жөндеу
жұмыстарынан соң, халық игілігіне қайта
берілді Ауқымды саябақты абаттандыруға қала қазынасынан 150 миллион теңге бөлінген. Шаһар
басшыларының айтуынша, демалыс орнын қайта қалпына келтіруге жергілікті
тұрғындардан арыздардың көптеп түсуі
себеп болған.
Мұнда қосымша 200-ге жуық орындықтар қойылып, 1 мың 300 шаршы
метр аумақ гүлзармен безендірілді. Бұрынғы автотұрақтың орнына дельфинарий құрылысын бастау ісі қолға алынған. Ал 21 қыркүйек күні мұнда қозғалып
тұратын динозаврлардың мүсіндері
қойылатын Дино-парк ашылмақ.
Алтай
Рахымбетов, Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу
басқармасының басшысы:
Саябақ
аумағын автоматты суғару жұмыстары шешімін тапса, құба құп. Өйткені демалыс орны
өте үлкен, 46 гектар аумақты алып жатыр. Оны арнайы көліктермен суарып шығу
мүмкін емес. Сондықтан автоматта суғарудың жобалық сметалық құжаттары
әзірленіп жатыр. 2015 жылы жоба іске асады.
Сондай-ақ,
бүгін 2000 адамға арналған «Шабыт» амфитеатрының да тұсауы кесілді. Заманға сай
жабдықталған жазғы сахнаның шымылдығын дәстүрлі оркестрлар шеруі ашты. Шара 3
күнге жалғасады. Келушілер қазақтың ұлттық музыкасынан сусындайтын болады.
Мұнан бөлек, классикалық шығармалар да орындалмақ.
Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ