$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Малайзиялық Boeing ұшағының апатына байланысты мәлімдеме жасалды

AstanaTV
10.09.2014ж. 10:00
1121
Малайзиялық Boeing ұшағының апатына байланысты мәлімдеме жасалды

Украинада апатқа ұшыраған Boeing-777 ұшағына қатысты тергеудің алдын ала нәтижелері белгілі болды.

«РИА Новости» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Нидерланды қауіпсіздік кеңесі 298 адамның өліміне себеп болған апатқа байланысты баяндамасын жариялады. Онда көрсетілгендей, ұшақтың жарылып кетуіне жерден жіберілген соққы себеп болған. Мамандар әуе кемесінде техникалық ақау пайда болуы мүмкін немесе пилоттың кінәсінен апатқа ұшырады деген бүкіл болжамдарды жоққа шығарды. Іле-шала Малайзия премьер-министрі Наджиб Тун Разак ұшақ «жер-әуе» ракетасымен атып түсірілген болуы мүмкін деген версияның пайда болғанын ресми түрде хабарлады. Бұл ең сенімді болжамдардың бірі екенін де айтып өтті.

Еске салсақ, Амстердамнан Куала-Лумпурға бет алған лайнер шілде айында Украина аумағында апатқа ұшырады. Бортта болған 300-ге тарта адамның ешқайсысы аман қалған жоқ. Киев оқиғаға елдегі бүлікшілерді кінәлады, ал көтерілісшілер әуе кемесін атып түсіретін құралдарының жоқ екенін айтып, кінәні мойындаған жоқ.

Илхам ИБРАГИМ