Астанадан Қазақстанның тағы екі
аймағына «Тальго» жүрдек пойызы қатынайтын болды. Биылғы жылдың соңына дейін
Қызылорда мен өскемендік жолаушылар да бұл пойыздың қызметін пайдалана алады. Сондай-ақ, «Алматы-Өскемен» бағытында да «Тальго» пойызы қатынамақ.
Айта өтейік, бұған дейін Астана мен Шымкенттің
арасында «Тұлпар-Тальго» пойызы қатынай бастаған болатын. Жалпы, жыл басынан
бері ұлттық тасымалдаушы компания 13 млн 600 жолаушыға қызмет көрсеткен. Оның
6 млн-ға жуығы тек жаз айларында пойызға отырғандар. Маусым, шілде және тамыз
айларында 298 мың жолаушы «Тальго»-ның қызметін пайдаланған.
Илхам ИБРАГИМ