Өскемендегі апатты жатақханадан әзірге
тек 8 отбасы көшпекші. Бұған дейін 1 қыркүйекке дейін 26 отбасы қоныс аударады
делінген еді. Алайда адамдар қирағалы тұрған
үйден кетуге асығар емес. Жандарын шүберекке түйсе де, тапжылмай отыр. Барар
жеріміз жоқ дегенді айтады.
Марина Афанасьева, апатты жатақхана тұрғыны:
Біз мұнда соңына дейін тұрамыз. Көшер
жеріміз жоқ. Жарық пен суды өшіріп тастағанда ғана кетеміз. Бізде басқа амал жоқ.
Жатақхана 2008 жылдан бері апатты деп саналады. Ол уақытқа
дейін бөлмелерін жекешелендіріп алғандарды әкімдік уақытша баспанамен
қамтамасыз етуге уәде берген.
Алайда ондай мүмкіндігі бар
отбасылардың саны сегіз ғана. Қалған 18
отбасының жағдайы мәз емес. Жергілікті биліктің олардың тағдырына бас қатыратын
түрі жоқ тәрізді. Дегенмен уақытша баспанадан дәмелі сегіз отбасы да алаңдаулы.
Өйткені әкімдік оларды қауіпсіз жерге көшіруге асығар емес. Өйткені олар көшіп
баруы тиіс пәтерлердің жөндеу жұмыстары бітпесе керек. Керісінше, қазір олар
тұрған жатақхананы ысырып тастау мәселесін қарастырып жатыр.
Айгүл ӘДЕПБАЙ