2018 жылдан бастап Кедендік одақ
елдер арасында роуминг қызметі алынып тасталуы мүмкін. Бұл туралы Еуразиялық
экономикалық комиссия министрі Нұрлан Алдабергенов мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, сонда кәсіпкерлер
байланыс қызметіндегі айырмашылықты төлеп шығындалмайтын болады. Алайда байланыстың қалай құрылып, қалай жүргізілетіні
әзірге белгісіз. Алдымен одаққа мүше үш елдің нормативтік базасын бүге-шүгесіне
дейін зерттеу қажет. Одан соң барып сәйкестендіру керек. Роумингтен бас тарту
керек деген бастаманы Ресей тарапы да қолдап отыр.
Монополияға қарсы федералды қызмет
жетекшісі - Игорь Артемьевтің айтуынша, алынып тасталған кедендік шекарадан бір
шақырым асып, байланыс қызметіне 30 есе артық төлеу - ақылға қонымсыз дүние.
Айгүл ӘДЕПБАЙ