$539.54 €637.09 ₽6.52
×

Украина Ресейдің 15 телеарнасын ел аумағында көрсетуге тыйым салды

AstanaTV
10.09.2014ж. 10:00
Украина Ресейдің 15 телеарнасын ел аумағында көрсетуге тыйым салды

Ресейдің 15 телеарнасы Украина аумағында көрсетілмейтін болды. Елдің телевидение және радио хабарларын тарату ұлттық кеңесі тыйым салынған арналар тізімін өз сайтында жариялады. Қара тізімге енген арналар арасында Ресейдің «Бірінші арнасы», «РТР-Планета», «НТВ-Мир», «Россия-24», «Рен ТВ», «РБК», «Russia Today» тіпті, «История» телеарнасы да бар. 


ОБСЕ ұйымының БАҚ бостандығы бойынша, өкілі Дунья Миятович трансляцияларға тыйым салу, сөз бостандығына қарсы шығу деп атап өтті. Оның айтуынша, ұлттық қауіпсіздік мәселесі, БАҚ бостандығына кері әсер етпеуі тиіс.

Илхам ИБРАГИМ