Бүгін Тәжікстан астанасы Душанбеде
ШЫҰ-ның саммиті өз жұмысын бастайды. Ұйымға мүше мемлекет басшыларының негізгі
отырысы жақында ғана құрылысы аяқталған «Тахти Навруз» шайханасында өтеді деп
жоспарланған. Тәжік билігі үш қабатты шайхана кешенін салуға 60 млн доллар
қаржы жұмсады деген ақпарат бар. Жаңа ғимаратқа жақын көшелер де жөндеуден
өткізілген.
Ал Қытай билігі саммит қарсаңында
Душанбеге 11 автобус, 12 шағын автобус, милиция және жедел жәрдем көліктерін
сыйласа керек. Бұл күндері қонақтарға сол
көліктер қызмет көрсетеді. Душанбе әуежайында барлық рейстер кідіріп жатыр, ал
чартерлік рейстер мүлдем тоқтатылды. Өйткені кешелі бері қонақтар келе бастаған.
ШЫҰ-ның саммитіне мүше мемлекеттердің
- Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай және Ресей басшылары қатысады. Қонақ ретінде Түркіменстан президенті - Гурбангулы Бердімұхамедов та келеді деп күтілуде.
Илхам ИБРАГИМ