Екі сағат бұрын ғана Қазақстан
аумағына «Союз» ғарыш кемесі қонды. Бортында
интернационалды экипажы бар капсула Жезқазған қаласынан 147 шақырым қашықтыққа
құлаған. Бұл туралы «Интерфакс»
хабарлады.
Құтқару тобы «РосКосмос»-тан жіберілген
Александр Скворцов, Олег Артемьев және НАСА астронавты Стивен Свонсонды
аппараттан аман алып шықты.
Айта өтейік, экипаждың ғарыштағы
сапары 170 тәулікке жалғасқан.
Илхам ИБРАГИМ