$533.61 €621.07 ₽6.78
×

АҚШ мемлекеттік қарызы 7 есеге азайды деген ақпарат тарады

AstanaTV
11.09.2014ж. 13:00
1355
АҚШ мемлекеттік қарызы 7 есеге азайды деген ақпарат тарады

АҚШ-тың ірі мемлекеттік қарызы белгісіз жағдайларда 7 триллион долларға қысқарды. Мұндай деректер Сент-Луис банкінің Федералды қор сайтында жарияланды. Алайда, соңынан бұл ақпараттың қате екені анықталды. Мәселенің мән-жайы анықталғанша, АШҚ-тың іскерлік әлемі белгісіз күй кешкен.

Кей деректерге сәйкес, мемлекет қазынасындағы құнды қағаздардың жеке инвесторлар қолындағы үлесі 2014 жылдың басында екі есеге қысқарған. Абырой болғанда қателікті тез түзеп үлгерді. Сент-Луис банкінің сайтында қазір АҚШтың мемлекеттік берешегі 17,7 триллион доллар деп көрсетілген. Бұл соманың басым бөлігі дәлірек айтсақ, 13 триллионға жуығы түрлі инвесторлардың меншігінде, ал қалған 5 триллион доллар ішкі қарыз.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ