Ұлттық банк төрағасы Қайрат
Келімбетовтің теңге курсына қатысты жасаған мәлімдемесінен кейін елордалық
валюта айырбастау орталықтарында өзгеріс байқалмады. Ұлттық валютаның да,
доллардың да айырбас бағамы сол қалпында.
Еске салайық, кеше Ұлттық банк
төрағасы теңгенің долларға қатысты бағамы нығаятынын, ал ауытқу дәлізінің 185
теңгеден плюс-минус 15 теңгеге өзгеретінін мәлімдеген болатын. KASE қор биржасында да бүгін теңгенің долларға шаққандағы
орташа бағамы өзгеріссіз. 11-қыркүйектегі ресми бағам 1 АҚШ $ үшін 182 теңгені
құрайды.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ