Халықаралық ғарыш стансасынан оралған
экипажы бар «Союз ТМА-12М» ғарыш кемесінің капсуласы Қазақстанға сәтті қонды. Бұл
жөнінде «РИА Новости» хабар таратты.
Ғарыш кемесі Жезқазғаннан 150
шақырымдай қашық аумаққа қонған. Құтқару тобы ғарышкерлерді аппараттан шығарды,
олардың жағдайы қалыпты.
Айта кетейік, «Союз»-дың қонуы кезінде
200-ге жуық әскери қызметші, 14 тікұшақ, жол талғамайтын алты автотехника
қауіпсіздікті қамтамасыз етті. Халықаралық
ғарыш стансасындағы 170 тәулікке созылған сапардан Александр Скворцов пен Олег
Артемьев және НАСА астронавты Стивен Суонсон оралды. Ал бортта ресейлік Максим
Сураев, америкалық Рид Уайсмен және еуропалық Александр Герст қалған.
«Байқоңыр»-дан ғарышқа келесі жаңа
экспедиция 26 қыркүйекте «Союз ТМА-14М» кемесімен аттанады.
Илхам ИБРАГИМ