$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Балалары Сирияда қаза тапқан оралдық ата-аналар теріс ағымға жетелейтіндерге қарсы үгіт жүргізуде

AstanaTV
29.02.2016ж. 20:00
1866
Балалары Сирияда қаза тапқан оралдық ата-аналар теріс ағымға жетелейтіндерге қарсы үгіт жүргізуде

Балалары Сирияда қаза тапқан оралдық ата-аналар радикалды дін өкілдеріне қарсы үгіт шараларын қолға алған. Бұл жайында «Астана» телеарнасына облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының басшысы Жарас Аханов айтты.

Мына бейнекадрларды аталған орталық өкілдері өздері түсірген. Қара жамылған ата-аналар мешітке намазға келетін жамағатқа адасқан балаларының тағдырын баяндап, сабақ болар деп шешкен. Дегенмен, бүгінгі күні Сирияға соғысқа кеткен оралдықтардың нақты саны белгісіз. «Өйткені құзырлы органдар бұл ақпаратты құпия ұстап отыр», - дейді орталық директоры. Ал жат ағымның жетегінде кетіп, сотталған 24 азаматтың ішінде мемлекеттік қызметкерлер де болған. Орталық басшысының пікірінше, тура жолдан таюға отбасындағы тәрбиенің дұрыс жолға қойылмауы себеп. Сондықтан жастармен жұмысты күшейту керек деп отыр.

Жарас Аханов, Батыс Қазақстан облысы дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры:

Жалған жиһадқа ұрынған, діни экстремистік көзқарасы бойынша сотталған азаматтардың, бізге орталыққа көмекке жүгінген азаматтардың 99 пайызы дұрыс тәрбие алмаған. 31 пайызы әкесіз өскен, 59 пайызы ажырасқан, яғни әкенің тәрбиесін көрмеген.

Еркін КАРИН