Қарағандыда құрылыс-техника колледжінде болған
жаппай төбелестің себебі анықталып жатыр. Кеше кешкісін оқу орынының
жатақханасында 25 студент жаға жыртысқан. Полиция жасағы дер кезінде араласып,
студенттерді арашалап алмағанда, біразының басы жарылып, көзі шығатын еді. Даудың
басы төменгі және жоғарғы курста оқитын жастардың өзара келіспей қалуынан шыққанға
ұқсайды. Олардың нақты нені бөлісе алмай қалғанын тергеу анықтайтын болады.
Колледжде облыстың түкпір түкпірінен келген жеткіншектер оқиды. Арасында
балалар үйінің тәрбиленушілері де бар. Мұғалімдер студенттердің білім алуына
бар жағдайдың жасалғанын айтады. Бірақ жастардың тәртібіне қатысты
қиындықтардың болып тұратынын мойындайды. Мұндай дүрбелең тағы қайталанбас
үшін, полиция жасағы жатақхана маңын күзетке алған.
Самат
Бектұрсынов, Қарағанды облысы ІІД бөлім бастығы:
Зардап
шеккендер жоқ. Бәрімен әңгімелестік. Ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін
түсіндірдік. Бұзақылық жасаса, қандай жаза қолданатынымызды айттық.
Мөлдір
БАҚЫТ-ҚЫЗЫ