Ақорда мен Үкімет үйінің бейнесі тауар белгісі
ретінде тіркелді. Қазақстан Президентінің іс басқармасы осы әкімшілік мекемелер
бейнеленген тоғыз тауар белгісін тіркеген. Сондай-ақ Парламент Мәжілісі мен Сенатының ғимараттары
бейнеленген 6 тауар белгісі де осындай мәртебеге ие болды. Бұл туралы
Президенттің іс басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды. Тіркеу туралы
куәлікті Әділет министрлігі 2023 жылға дейін жарамды етіп рәсімдеген.
Президенттің іс басқармасы тауар белгісінің иесі ретінде оларды пайдалану мен
басқарудың ерекше құқығына ие. Аталған тауар белгілерін тиісті шартсыз
пайдаланған тұлғалар Қазақстан заңнамасында қарастырылған жауапкершілікке
тартылады, деп ескертеді баспасөз қызметі.
Асан
ҚАЛИАХМЕТ