Аса қауіпті індет - Эболаға байланысты
Қазақстанның барлық әуежайларында қауіпсіздік шаралары қолға алынды. Қазір шет елдерден келушілер жаппай карантиндік-санитарлық тексерістен өткізілуде. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігіне
сілтеме жасаған «ҚазАқпарат» хабарлады.
Эбола дертінің негізгі белгілері -
дене қызуын анықтау үшін әуежай ғимараттарында арнайы құрылғылар пайдаланылуда.
Әзірге инфекциялық аурулардың белгілері
анықталған жоқ. Сондай-ақ, ауру ошағы - Батыс Африка елдеріне
баруға виза алған қазақстандық азаматтар бойынша мониторинг жүргізілуде.
Айта өтейік, Африканың батысында, яғни
Гвинеяда, Либерияда, Сьерра-Леоне және Нигерияда биыл Эболадан кем дегенде 2
мыңнан астам адам көз жұмды. Әзірге аурудың
дауасы табылған жоқ. Ал дертке шалдыққандар бірінен соң ажал құшып жатыр.
Індетті жұқтырғандар саны күн сайын артуда. Соңғы дерек бойынша 4 мыңнан астам
адам Эболаға шалдыққан.
Илхам ИБРАГИМ