$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Өскеменде зергерлік бұйымдар фестивалі өтті

AstanaTV
15.09.2014ж. 13:00
2322
Өскеменде зергерлік бұйымдар фестивалі өтті

Өскеменде «Алтын Алтай» байқауы өтті. Үш жыл бұрын басталған шара, алдымен қала күніне орай тұрғындарға әуезді әуен сыйлаған еді. Ал, бүгінде фестиваль тек жас таланттардың атын шығарып қана қоймай, халықаралық шара деген атаққа қол жеткізді.

Отандық және шетел эстрадасының 50-ден астам әртісі, биылғы байқауда өнер көрсетуге ниет білдірген. Ал шараның мәртебелі қонағы - аты әлемге жайылған Бибігүл Төлегенова болды.

ҚСРО халық әртісінің айтуынша, «туған жерге қонақ болып кету - шексіз қуаныш». Жалпы, Алтай аймағы жас дарындарға толы, киелі жер. Сахна төрінен жасқанбайтындар ән саласында әрдайым өз орнын тауып келеді. Ал Ертіс жағасында орындалған әндер міндетті түрде хитке айналады. Әншілердің «Алтын Алтайға» деген құлшыныстары содан болса керек.

Айта кету керек, қазақстандық байқаудың аты шетелде де кеңінен таралып жүр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, өзге мемлекеттердің музыкалық телеарналары фестивальді эфир арқылы көрсетуге ниет білдірген. Бұл жолы аты шыққан байқауда Италия елінің жұлдызы Ингрид пен фразцуздық дуэт Отаван жанды дауыспен қазақ елін тәнті қылды.

Ғибрат Азубаев, «Алтын Алтай» байқауының режиссері:

Семей мен Өскемен Қазақстанның рухани астаналары болып есептелінеді. Сондай-ақ, Алтайдың күші деп айтсақ та болады. Бұл аймақтың қайталанбас табиғаты әлемнің ешбір жерінде жоқ. Табиғаты керемет жер таланттарға да бай болады.

Абзал ҚҰРМАНКИН