Каталония астанасы - Барселона қаласында
«ұлттық автономия күні» тойланып жатыр. Бұл күні қала көшелеріне 2 миллионға
жуық халық жиналды. Каталонияда 9-қараша күні референдум өтеді. Егер халықтың басым бөлігі тәуелсіздікті қолдайтын болса,
Испаниядан бөлініп, жеке мемлекет құрады. Ал қазіргі билік бұл референдум
заңсыз деп санайды.
Испания премьер-министрі Мариано
Рахойдың пайымдауынша, егер Каталония Испаниядан бөлініп шықса, тоқырауға
ұшырайды. Қазіргі Испанияның жағдайы қалыпты
емес. Мемлекеттің қарызы 2 триллион доллардан асып жығылады. Орталық банктің
ақпаратына сәйкес қарызға батқан аймақтар: Каталония, Валенсия және Мадрид
қалалары.
Еске салайық, Шотландия да Каталония сынды тәуелсіздікке ұмтылуда.
Біріккен Корольдіктен бөлінгісі келетін Шотландия аумағында референдум
18-қыркүйекке белгіленген.
Самат ҚАНАҒАТОВ