$511.77 €593.19 ₽6.41
×

Қырғызстан «Республика Қырғыз» деп атауын өзгертуі мүмкін

AstanaTV
12.09.2014ж. 13:00
3318
Қырғызстан «Республика Қырғыз» деп атауын өзгертуі мүмкін

Қырғызстанның ресми атауы өзгеруі мүмкін. Елдегі «Ар-Намыс» фракциясының жетекшісі - Феликс Кулов мемлекет атауын «Республика Қырғыз» деп атау жөнінде ұсыныс тастады.

Айтуынша, бұл мәселе осыған дейін де бірнеше рет көтерілген. «Республика Қырғыз» деген атау кез-келген тілде қаз қалпында қала береді, - деді ол «Интерфакс» агенттігіне берген сұхбатында. Кулов мысал ретінде «Чили» мен «Куба Республикаларын» келтірді. Сондай-ақ, ол «Қырғыз Елі Республикасы» деген атауды қарастыруға да қарсы емес. «Ар-Намыс» жетекшісі бұл бастаманы соңына дейін жеткізуге ниетті. Алдағы уақытта референдум өткізілсе деген ойы бар.

Айта өтейік, Қырғызстанның 1993 жылы қабылданған Конституциясында мемлекеттің екі ресми атауы қарастырылған. Олар «Қырғызстан» және «Қырғызия Республикасы». Заңдағы аталмыш норма бүгінге дейін өзгертілмеген.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА