Ауыл шаруашылығы экс-вице-министрі
Мүслім Өмірияевтің ісі бойынша кезекті сот отырысы өтті. Іс бойынша 13
куәгерден жауап алу жоспарланған, алайда отырысқа тек 5 куәгер ғана қатыса
алды. Бұл жолы да жауапқа тартылған куәгерлер
сот төрағасы Ербол Рахымбековтың қойған сауалдарына жауап таппай қиналды. Тіпті, судья кейбірінің келесі сот отырысына мұқият дайындалып
келуін сұрады.
- Не можете вспомнить?
- Не могу.
- Я Вам тогда предоставляю возможность после опроса
подготовиться, поднять все документы относительно дополнительных соглашений,
предоставить в суд к следующему судебному заседанию.
Еске салайық, Өмірияевқа, Ауыл
шаруашылығы вице-министрі бола тұра, мемлекеттік сатып алуларда делдалдық
қызмет етіп, пара алды деген айып тағылған. Өткен
сот отырысында судья Ербол Рахымбеков аусылға қарсы вакцина сатып алу бойынша
тендерде жеңіске жеткен «Инкар» серіктестігінің мемлекеттік борышкерлер
тізімінде болғанын айтқан еді. Яғни, компанияның сатып алуларға қатысуға құқығы
болмағанын алға тартқан. Дәл осы мәселенің басын ашқан Ауыл шаруашылығы
министрлігінің өкілі бүгін өзгеше мәлімдеме жасады. Аталмыш серіктестік сот
шешімдерін орындау бойынша берешек болған, - дейді
ол.
Талғат Шілдебаев, ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және
қадағалау комитеті құқықтық қамтамасыз ету басқармасының басшысы:
Бұл соттың шығарған шешімдері арқылы мемлекет алдындағы қарыз. Бірақ, бұл
жосықсыз қатысушылардың тізілімінде немесе салық бойынша қарыз деп түсінуге
болмайды. 2013 жылы жүргізілген конкурста
конкурстық комиссияның құзыретінде осы реестрде тұрған өтінім берушілерді
конкурсқа жібермеу құзыреті болған жоқ.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ