$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Атбасарда өрт 30 жастағы әйелдің өмірін қиып кетті

AstanaTV
12.09.2014ж. 13:00
1373
Атбасарда өрт 30 жастағы әйелдің өмірін қиып кетті

Ақмола облысының Атбасар қаласында тапа-тал түсте тұрғын үйден шыққан өрт адам өмірін жалмады. Оқиға орнында 1984 жылы туған азаматтың мәйіті табылған. Әзірге оның тегінің Таранчук екендігі ғана белгілі болып отыр.

Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің берген ақпараты бойынша, тілсіз жау Достық көшесінің бойындағы екі пәтерлі тұрғын үйден шығыпты. Оны ауыздықтауға құтқару қызметінің 7 маманы мен 2 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. 49 шаршы метр аумаққа жайылған қызыл жалын екі сағаттан соң ауыздықталды. Әзірге өрттің шығу себептері белгісіз болып отыр.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА