$531.96 €622.45 ₽6.79
×

Алматыда Жеңістің 70 жылдығына орай халықаралық автошеру өтті

AstanaTV
12.09.2014ж. 13:00
1339
Алматыда Жеңістің 70 жылдығына орай халықаралық автошеру өтті

Бүгін Алматыдан Мәскеуді бетке алған автошеру жолға шықты. Керуен екінші Дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 70 жылдығына арналып отыр.

Халықаралық акцияның басты мақсаты - майдан даласында көз жұмған сарбаздарды еске алу. Осылайша өскелең ұрпақты Отан сүйгіштікке тәрбиелеу. 28 Панфиловшылар паркінен бастау алған шеру, бүгін кешке қарай Бішкекке жетеді деп жоспарлануда. Ал ертең таңертеңгі сағат 10:00-да Астанада болмақ.

Автокеруен одан әрі қарай Қостанай, Ақтөбе, Орал, Орынбор, Самара қалаларын басып өтіп, Мәскеуге ат басын тірейді. Алаңға жиналғандар Отан соғысының ардагерлерін еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қоюды да ұмытпады.

Бақытжан Ертаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халық қаһарманы:

Отан соғысының ардагерлері, Қарулы күштер ардагерлері, құрметті сарбаздар. Біз тарихты сыйлайтын, халыққа бас иетін халықпыз. Біз осы алаңнан Ауған соғысының ардагерлері инициативасымен міне автошеру басталды.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ