$532.74 €617.23 ₽6.77
×

Ойыншықтардың бала денсаулығына төндіретін қаупі Шымкентте өткен дөңгелек үстелде әңгіме болды

AstanaTV
12.09.2014ж. 20:00
1345
Ойыншықтардың бала денсаулығына төндіретін қаупі Шымкентте өткен дөңгелек үстелде әңгіме болды

Балаға ойыншық алардан бұрын, саудагерден оның сертификатын талап етіңіз. Тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің мамандары тұрғындарға осылай деп кеңес береді. Ойыншықтардың бала денсаулығына төндіретін қаупі бүгін Шымкентте өткен дөңгелек үстелде әңгіме болды. Мамандар бұл мәселе бей-жай қарауды көтермейтінін айтуда.

Өткен жылы  Қытай, Иран және Өзбекстан мемлекеттерінен 226 тонна ойыншық жеткізілген. Биыл тағы 120 тонна әкелінді. Өкініштісі сол - тұтынушылар арасында қызылды-жасылды ойыншықтардың сапасы мен құрамына көңіл аударып жатқандар шамалы. Соңғы  үш жылда  476 ойыншық үлгілері арнайы зертханада тексерілген. Нәтижесінде  117-сі санитарлық талаптарға сай болмай шықты. Олардың құрамында фенол, формальдегид сынды қауіпті заттардың мөлшерден артық екені байқалған. 

Раушан Қасымқұлова, ОҚО тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті  бөлімінің бас маманы:

Биылғы жылдың өзінде 18  ойыншық түрі тексерумен қамтылды. Соның 14-і санитарлық талаптарға сәйкес келген жоқ. Біреуінен фенолдың жоғары мөлшері анықталды. Бұл негізінен пластмасса ойыншық, дайындалу жағдайы белгісіз. Өйткені орамында, сыртқы маркировкасында дайындаушы туралы  ешқандай мәліметтер болған жоқ.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ