Қан қызметінде түйткілі шешілмей тұрған мәселе - ерікті донорлықты дамыту. "Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша, 1000 адамға шаққанда, донор саны 50-60 болуы керек. Ал Қазақстандағы көрсеткіш 16-17-ден аспайды", - деп жазады «Айқын» газеті.
Мақалада Республикалық қан
орталығы директорының орынбасары Гүлсара Бекмұхаеваның деректері келтірілген.
"Жалпы, биыл Қазақстандағы қан қызметіне - 80 жыл. Осы датаға орай, Қазақстан мен
шетелдерден келген мамандар ғылыми-тәжірибелік конференцияда бас қосып, «Қан
қызметінің даму болашағы мен маңызды сұрақтарын» талқыға салды. Қазіргі кезде
ең өзекті болып тұрған - қан компоненттері қауіпсіздігін және сапасын
қамтамасыз ету мәселесі де сөз болды. Осы бағытта елімізде соңғы 6-7 жылда
үлкен жұмыстар атқарылды. Біздегі қан құрамдас бөліктерінің сапасы әлемдік
талаптарға сай деп сеніммен айта аламыз. Қолданылатын құрал-жабдықтардың
барлығы, донор қанын зертханалық зерттеуден өткізетін құралдар соңғы технология
тілімен сөйлейді",- делінген мақалада.
Жұрағат БАМАН