Солтүстік
Қазақстан облысы ракпен ауыратын адамдар саны бойынша атом жарылыстарынан көз
ашпаған Семейді «артта» қалдырып, елімізде бірінші тұр. Бүгінде теріскейдің
онкологиялық диспансерінде шамамен 8100 азамат тіркелген. Демек, Қызылжар
өңіріндегі әрбір 70-ші адамда рак клеткалары бар деген сөз. Өткен жылы аймақта
қатерлі ісіктен 832 адам көз жұмды. Сорақысы сол - бұл сан жылдан жылға өсіп
барады.
Айман
Уакишева, Петропавл тұрғыны:
Қазіргі
жағдайыма тәубә деймін. Өмірге, дүниеге жаңа келгендей болдым. Кеше ұжымым
келіп, құттықтап кетті. Ризамын.
Онкоаурулар
теріскейде неге көбейіп тұр? Себебіне үңілген географ, экологтардың болжамдарын
дәрігерлер мен эпидемиологтар «далбаса» деп есептейді. Аргументтер мен аргументтерге қарсы мәліметті ертең 20.30 «Біздің уақыт» ақпарат-сараптамалық бағдарламасынан көріңіздер.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА