Орындалған
арман! Оралда арбаға таңылған мүгедек қыз 2 мың 500 метр биіктіктен парашютпен
секірді. Осылайша, бала кезден
бергі арманына қол жеткізген ару кемтар жандардың да дені сау адамдардан кем
түспейтінін дәлелдеді. Жас кезінде көлік апатына ұшырап, мүгедек атанған
Гүлмира өзі секілді жандардың басын
қосып, қоғамдық бірлестік құрған.
Осы әрекеті арқылы адам баласының мүмкіндігі
шексіз екенін көрсеткісі келіпті. Айтуынша, парашютпен секіргісі
келетін ойын жеткізгенде, достарының көбі оның бұл ойына күле қараған. Ал
аэроклуб өкілдері мүгедектермен жұмыс істемейтінін айтып, бас тартады.
Дегенмен, қайратты қыз табандылық танытты.
Кәсіби спортшылармен бірге
биіктіктен парашютпен секіріп, жерге сәтті қонды. Әуеде болған санаулы
секундтардың естен кетпейтінін айтып, қуанышымен бөлісті. Енді Гүлмира су асты
әлемін бағындырмақ ниетте.
Гүлмира
Батпақұлова, "Арба" қоғамдық
бірлестігінің төрайымы:
Кішкентай
кезімнен армандап жүргенмін, арманым орындалды. Мынау менің өзімнің ең үлкен
жеңісім деп ойлаймын. Тағы да ұшамын деп ойлаймын.
Еркін ҚАРИН