Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Алматыда Шәкен Айманов фильмдерінің фестивалі өтті

AstanaTV
15.09.2014ж. 10:00
1614
Алматыда Шәкен Айманов фильмдерінің фестивалі өтті

Алматыда Шәкен Айманов кино апталығы басталды. Биыл қазақ киносының қайталанбас тұлғасы Шәкен Кенжетайұлының 100 жылдық мерей тойы. Осыған арнайы орайластырылған шара, режиссердің «Тақиялы періште», «Атаманның ақыры», «Алдар көсе» сынды бірқатар көрермен көзайымына айналған таңдаулы кинотуындыларымен шымылдығын ашты.

Ескі болса да, есті киноны сағынған халықтың қарасы қалың. Көрерменіне риясыз күлкі сыйлай алған бұл картиналар қараша жадында жаталып қалған. «Соған қарамастан, жалықтырмайды», - дейді жиналғандар. Фестивальда Шәкен Аймановтың қолтаңбасы қалған бас-аяғы бес кинотуынды көрсетіледі. Бірегей кинокартиналар күн сайын көрсетілуде. Мәдени шара осы айдың 17-не дейін өз жалғасын таппақ. Тағы бір айта кетер жағымды жаңалық, ол - «Шәкен мұралары» атты қор ашылды.

Дина Айманова, Ш.Аймановтың немересі:

Сіздерді Шәкен Айманов фестиваліне шақырамыз. Сонымен қатар, біз «Шәкен мұралары» атты қор аштық. Оның мақсаты - Қазақстан киносы мен мәдениетін дамыту.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ