$544.87 €639.02 ₽6.88
×

ИГИЛ содырларының қолынан қаза тапқан Ұлыбритания азаматы өз өліміне британ премьері Дэвид Кэмеронды кінәлады

AstanaTV
15.09.2014ж. 13:00
861
ИГИЛ содырларының қолынан қаза тапқан Ұлыбритания азаматы өз өліміне британ премьері Дэвид Кэмеронды кінәлады

ИГИЛ содырларының қолынан қаза тапқан Ұлыбритания азаматы өз өліміне британ премьері Дэвид Кэмеронды кінәлады. Бұл туралы The Telegraph жазады.

Тұтқынға түскен ағылшынның сөзінше, премьер «Ислам мемлекетіне» қарсы АҚШ-пен одаққа өз еркімен кірді, америкалықтарға «жоқ» деуге пәрмені жетпеді. Дэвид Кэмеронның өзі болған оқиғаны «қатыгездіктің сорақы актісі» деп бағалап, барлық кінәлілерді жазалауға және «ислам мемлекетін» мүлдем жоюға сөз берді.

Еске салайық, Дэвид Хэйнс наурыз айында Сирияда із-түзсіз жоғалып кеткен. Жақында оның өлім жазасына тартылғаны туралы хабар таратылды. Исламшылармен күреске әзірлігін австралиялық үкімет басшысы тони Эббот та білдіріп отыр. Ол Біріккен Араб Әмірліктеріне елдің бірнеше ұшақ пен австралиялық 600 солдат жіберілгені туралы мәлімдеді. Олар Ирак әскерінің дайындығын қамтамасыз ету мен әскери техникасына қызмет көрсетеді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ