2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап адам
өліміне алып келген қылмыстық істер бойынша жаза қатаңдайды. Қайғыға әкеп соғатын және ауыр жарақаттарға итермелейтін
жол көлік оқиғалары бойынша қозғалатын қылмыстық істер бұрынғыдай тараптардың
келісуімен тоқтатылмайтын болды.
Енді елімізде жаңа Қылмыстық,
Қылмыстық іс жүргізу, Қылмыстық атқару және Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстерінің
қабылдануынан кейін, мұндай жағдайда, айыпталушы міндетті түрде жазаға
тартылады. Бұл туралы бүгін Бас прокурордың орынбасары Иоган Меркель мәлімдеді.
Заңға еңгізілген өзгерістерге сәйкес
жаза қатаңдағанымен, заңды алғаш рет аттаған азаматтарға жеңілдіктер де
қарастырылады, яғни бірінші рет шалыс қадам жасағандардың жазасы бұрынғыдан
жеңілірек болады.
Иоган Меркель, ҚР Бас прокурорының орынбасары:
Алғаш рет қылмыс жасаған азаматтар бұрыңғы кодексте қарастырылғандай, ауыр
жазаға тартылмайды. Алайда кез-келген қасақана жасалған қылмыс бойынша адам
өлімі орын алған істердің жазасы күшейтіледі. Ол
тек жол көлік оқиғалары, ауыр жарақат жасалып соңы өліммен біткен қылмыстармен
шектелмейді. Бұндай жағдайларда өзара бейбіт келісімге келіп істі тоқтату
мүмкін емес.
Бас прокуратураның мәліметінше, жаңа 4
кодекстер аясында 100-ден астам заң актісі қабылданады. Және азаматтар үшін басты жағымды жаңалық - енді сотқа
дейінгі тергеу амалдары ашық түрде жүргізіледі. Ол үшін үкімет қылмыстық
істердің тергеу барысы жарияланатын арнайы реестрдің жасалуына қаржы бөліпті.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ